ЖАМБЫЛДА БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

0 6

Дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстемақы қою 15 %-дан аспауы тиіс. Алайда, бақылау жұмыстарын жүргізуде үйде орналасқан дүкендердің көптігіне және осы дүкендерде ресми құжат айналымының болмауы сияқты қиындықтар кездеседі. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев мәлімдеді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ол жеміс-көкөніс өнімдері бойынша бақылауды күшейту жөнінде фитосанитариялық қызметтің және барлық сауда субъектілерінің бақылау-кассалық машиналарды қолдануы жөнінде салық органдарының жұмысы күшейтілетінін де жеткізді.

«Біз аймақтағы бағаның қалыптасуына талдау жүргізгенде, дүкендердегі бағалар өндірушінің бағасынан, көтерме жеткізушілердің және дүкеннің өзінің сауда үстемесінен құралатынын көрдік. Дүкендер мен өнімдердің түрлері бойынша әртүрлі жеткізушілер болуы мүмкін, олар делдалдық тізбектерді құрап, нәтижесінде, өнім бағасының өсуіне әкеліп соғады. Сондай-ақ, дүкендерде тауарларды шағын партиялармен сатып алу тәжірибесі қалыптасқан, өйткені, тауарлардың үлкен партияларын сатып алуға бос айналым қаражаттарының және оларды сақтауға арналған қоймалардың болмауы себеп. Бұл факторлар дүкендерде әр кезде әртүрлі бағамен сатып алуға және бағаның үнемі өсуіне алып келеді», — деп түсіндірді ол.
Аспандияр Мұраталыұлы негізгі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларын тұрақтандыру үшін мемлекеттік реттеудің міндеттерін де атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.