Атырау қаласының бұрын ұсталған тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша тексеру басталды. Бұл факт ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынды. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова уақытша қамауда ұстау орны ретінде пайдаланылған спортзал ғимаратында болған Атырау тұрғындарымен кездесудің қорытындылары туралы айтып берді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
«Қазақстанда 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай енгізілді. Тиісті заң коменданттың қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде орын жеткіліксіз болған жағдайларда төтенше жағдай режимін бұзған ұсталған адамдарды ұстаудың қосымша орындарын белгілеу құқығын көздейді. Бірақ заң қамауда ұстау жағдайында адам құқықтарын сақтау туралы талаптарды жоймайтынын естен шығармаған жөн. Осы жерде қамауда отырған азаматтар ұрып-соғу туралы хабарлады, олар іс жүргізу құжаттарына қысым жасау арқылы қол қоюға мәжбүр болды, адвокаттар, ауыз су және тамақтану, дене жарақатына байланысты медициналық көмек ала алмады. Олардың көбі қудалаудан қауіптеніп, прокуратураға немесе полицияға жүгінуге қорқады. Қазіргі уақытта бұл факт ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынды және ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметі тексеруді бастады», — деп атап өтті спикер.