Кезекте тұрған Тараздықтардың көбі жер телімін алуға келмеген

0 226

Кезекте тұрған Тараздықтардың көбі жер телімін алуға келмеген. Бұл туралы қала әкімі Е.Жылқыбаевтың қатысуымен өткен аппараттық кеңесте айтылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бүгінгі күні жер кезегінде 74 714 азамат тұрса, биыл 2005 жылдың қаңтары мен 2006 жылдың мамыры аралығында тіркелгендерге жер телімі беріліп жатыр. Учаскелер «Қарасу» (Құмшағал) алқабында орналасқан. 369 га жерден барлығы 1460 телім таратылмақ. Аталған мерзімде 4870 азамат кезекке тіркелгенімен, барлығына бірдей жер телімі жетпейді. Сондықтан, хабарлама алған азаматтардың алғашқылары ғана учаскеге ие бола алады. Соңғы айда 1000 ға жуық хабарлама таратылғанымен, тек 200 адам ғана құжаттарын рәсімдеп жатыр екен. 732 азаматтың құжаттары қаралу үстінде.
Ал,қалған азаматтардың келесі жер беру мерзімін күтуіне тура келмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.