Жамбылдық полицейлер 22 келі есірткі тасымалдаған тұрғынды ұстады

0 32

Жамбылдық полицейлер 22 келі есірткі тасымалдаған тұрғынды ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Г.Мұхтарқұлова айтты,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Меркі ауданының аумағындағы «Қарасу-Қорағаты» автожолында жалпы салмағы 21 келі 140 гр болатын «кептірілген марихуана» есірткі затын қапқа салып атпен тасымалдап бара жатқан 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, УҰИ-ға қамаққа алынды. Күдіктінің айтуынша, ол есірткі затын 2021 жылдың тамыз айында Меркі ауданының құмды аймағында дайындаған.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оған сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған,-делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.