ҰБТ тапсырмай грантқа түсуге болады. Бұл туралы білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Мұндай мүмкіндік Халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаздарына беріледі. Білім сайысының биігінен көрінгендер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грантқа түсе алады.
—Дарынды балаларды қолдау өте маңызды. Президенттің тапсырмасы бар. Биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай, ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грант алу мәселесі қарастырылып отыр. Және де олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына арнайы сыйақы беріледі, — деді министр.