2-ақпанды Кірпі күні ретінде атап өтуді Ежелгі Римдіктер бастаған. Қала тұрғындары осы күні ұйқыда жатқан кірпілерді оятып, оның әрекетіне қарай, көктем мезгіліне болжам жасаған. Ініне шыққан кірпі, тамақ іздеуге кіріспей, өз көлеңкесіне ғана мән берсе, жылы күндер жақын арада келмейді деп есептеген.
Рим Империясы құлағаннан кейін де Кірпі күнін атап өту бірқатар Еуропа елдерінде сақталып қалды. Елтаңбасында кірпі бейнеленген Ұлыбританияда тікенекті тіршілік иесін қорғайтын арнайы мекемелер де бар екен.