Жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті

0 50

Жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті. Қарағанды облысында орын алған оқиғаның себебін «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ баспасөз-қызметі хабарлады.

Апат қос жолды Науалы станциясы маңындағы Мойынты — Сары-шаған темір жол бөлігінде болған. Бидай артылған жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кеткен.

Вагонның бүйір жақтауының сынып кетуінен вагондар теміржол жиегіне аударылып қалды. Оқиға орнында Балқаш, Шу, Сары-шаған станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр. Қазір қос жолдың бірінде қозғалыс қалпына келтірілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.