Талас және Сарысу аудандарының шаруалары суармалы жерге осы Талас өзенінің суын тұтынады. Суармалы суға қатысты мәселе облыс әкімінің жергілікті шаруалармен кездесуінде талқыға салынды. Нәтижесінде, өзен суы екі ауданның шаруаларына еркін жету үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылатын болды.
— Бүгінде Талас өзенінің суын Талас және Сарысу аудандары тиімді пайдалану үшін жұмыстар атқарылуда. Ол үшін арнайы кесте жасалады. Сол кестеге сәйкес, шаруалар суды рет-ретімен алатын болады. Сондай-ақ, аудан әкіміне «ҚазСуШар» мекемесімен жүйелі жұмыс істеуді тапсырамын. Шаруалар да каналдарды асарлатып тазалау жұмыстарын жүргізуге атсалысу қажет, — деді Б.Сапарбаев.