Қазақстанның қаржы министрлігінде қымбат мүліктер үшін салынатын салық енгізу туралы мәселені талқылануда. Қазіргі таңда Қазақстандықтардың қандай мүліктеріне салықтың жоғары түрі салынуы керек екені талқыланып, ұсыныстар тасталып жатыр. Алдымен жоғарғы салық түрі, құны қымбат автокөліктерге салынбақ.
«Автокөліктер арасындағы люкс модельдер Aston Martin, Bentley, Ferrari, Lamborghini, Maserati және тағы басқа автомобильдердің құнына және шығарылған жылына байланысты жоғары салық салуды енгізу мәселесін қарау ұсынылады. Мұндай автокөліктер бойынша барлық жеңілдіктер алынып тасталуы тиіс», — деп хабарлады қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.