Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына жүргізілген талдау қорытындысы таныстырылды

0 29

Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына жүргізілген талдау қорытындысын ақпараттандыру мақсатында Талас, Сарысу, Т.Рысқұлов, Меркі, Шу, Мойынқұм, Қордай аудандарының тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жыл басынан бері агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына жүргізілген талдау қорытындысын ақпараттандыру бойынша Талас, Сарысу, Т.Рысқұлов, Меркі, Шу, Мойынқұм, Қордай аудандарының тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өтті.

Кездесулерге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Д.Омаров, превенция басқармасы басшысы орынбасары Е.Бактыхожаев, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшылары, кәсіпкерлер Палатасының аудандық филиалдарының директорлары, «Nur Otan» партиясының өкілдері, фермерлер, ауыл шаруашылығы өндірушілері қатысты.

Кездесу барысында аудандардағы ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар, агроөнеркәсіп кешеніне бөлінген субсидияларды игеру барысы, кәсіпкерлер Палатасы тарапынан ауыл тұрғындарына көрсетілген қызметтер туралы кеңінен баяндалып өтті.

Департамент өкілдері кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына жүргізілген ауқымды талдау нәтижесінде анықталған кемшіліктер, фермерлерді алаяқтық жолмен алдау фактілері туралы кеңінен баяндап, кәсіпкерлерді қол сұғушылықтан сақтау, әр түрлі алаяқтық жолмен субсидия алудан қорғау жолдары туралы және субсидия алудың тәсілдері бойынша кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.