Демалыс күндерінің көптігі — екі ресми мерекеге байланысты болмақ. 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні сейсенбіде сәйкес келгендіктен, жұмыс күндері оңтайландырылады. Сенбі, 5-қаңтар жұмыс күні болып, 6, 7, 8-наурыз демалыс күндері болады.
Ал, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде қазақстандықтарды 5 күн демалыс күтіп тұр. Ресми 3 мереке күні дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбіге сай келеді. Сәйкесінше, 19, 20-наурыз сенбі және жексенбі болғандықтан, 5 күн қатарынан демалыс болады. Ел тұрғындары Наурыз айында жалпы 12 күнін демалыспен өткізеді.