Құжатын жоғалтқандардың атынан 10 млн теңге рәсімдеген

0 23

Алаяқтықпен айналысқан азамат Семей қаласының тұрғыны екен. Бұл туралы  ҚР Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев айтты. Маманның мәліметінше, елде алаяқтық сипаттағы қылмыс саны көбейген.

Әрбір оныншы фактінің бірі алаяқтықпен байланысты. Оның ішінде, бөтен адамның атына несие рәсімдеу дерегі басым. Алаяқтықпен айналысатын азаматтар «құжат тауып алдым» деген хабарландыруларды тауып, ондағы жеке деректер арқылы микрокредит рәсімдеп отырған. ҚР ІІМ өкілінің айтуынша, жақында ғана 350 адамды сан соқтырған Семейлік тұрғын ұсталыпты. Келтірілген шығын 10 млн теңгеден асқан.

Ал, құжатын жоғалтқан адамдар өз атына несие рәсімделгенінен хабарсыз болған. Тек банк қызметінен ай сайынғы төлемнің кешіктірілгені туралы хабарлағанда алаяққа алданғанын түсінген. Өзге де зардап шеккендер анықталып, жұмыс жүргізілуде,-деді Рүстем Дүйсетаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.