Өрнектегі мәдениет үйіне керекті жабдықтар орналастырылуда

0 55

Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы  Өрнек ауылында салынып жатқан мәдениет үйінің құрылыс барысымен танысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан өнер ошағының құрылысын «ЖаңаКемерҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Сыйымдылығы 140 орынды құрайтын мәдениет үйінің іргесі тіктеліп, қабырғалары қаланып, шатыры жабылған. Бүгінде ікі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, керек-жарақтары орналастырылуда. Жалпы өңірде 4 Мәдениет үйі және 10 ауылдық клуб тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Құрылыс жұмыстарын аралаған аудан басшысы ең алдымен сапаға айрықша назар аудару керектігін мердігерге ескертті.

Құрылыс жұмыстарын аралау кезінде аудан әкімімен бірге ауыл әкімі Азиз Мәнтеев, аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Тілеубаев бірге жүрді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.