МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНДА ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЙРЫҚША ДАМЫҒАН

0 26

Ғабит Мүсірепов ауданы Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ірі аудандардың бірі саналатын аймақтағы тұрғындар саны 39 735-ті құрайды, 17 ауылдық округ 62 елді мекен бар. Облыс орталығынан 260 шақырым қашықтықта, жылыту маусымы 7 айға созылады. Бұл туралы Жамбыл облысындағы ӨКҚ баспасөз алаңында аудан әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Баян Шегебаев айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Экономикалық әлеуеті жоғары ауданның ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымында негізгі үлес — өсімдік шаруашылығына тиесілі немесе 84 пайыз. Онда дәнді және майлы дақылдар, картоп және көкөністер де өсіріледі.

«Ауданның білім беру жүйесіне 53 мекеме кіреді. Оның ішінде 5 балабақша 42 мектеп, 6 қосымша білім беру орталығы бар. Әзірге 159 бос жұмыс орны тіркелсе, 26-сы білім беру саласында, 9-ы денсаулық сақтау, 38-і ауыл шаруашылығы, 16-сы мемлекеттік қызмет саласында. 55 темір жол көлігінде және басқа салаларда 15 бос жұмыс орны бар», — Баян Ұзақбайұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.