Шу ауданында ауылдық округ әкімдерімен бірлескен есеп беру кездесулері Д.Қонаев, Бірлікүстем және Бірлік ауылдарында жалғасты. Аудан әкімі Сәкен Арубаев ауыл тұрығындарына ауданда атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
2022 жылы Шу ауданында 365,1 млрд. құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ, Д.Қонаев ауылында 365 млн теңге көлемінде спорт кешені салыну жоспарлануда. Ауыл тұрғындарының тарапынан түскен ұсыныс — сауалдарына жауап беріп, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.