Оқиға Шығыс Қазақстан облысында орын алған. Бұл көліктерге от қойылған үшінші дерек екен. Зардап шеккендердің бірі полицияға қоңырау шалған. Оның айтуынша, күндіз BMW көлігін үйдің алдына тұраққа қойған. Кейін көршілері оның көлігі жанып жатқанын хабарлапты. Бейнебақылау камерасы арқылы қарағанда, көлікке от қойған мектеп оқушылары екені анықталды. Жасы 8- 11 жасқа дейінгі балалар бұған дейін Lexus және Nissan Liberty көліктерін де зақымдаған.
«Полиция қызметкерлері бөлімшеге 8 жастан 11 жасқа дейінгі үш кәмелетке толмаған баланы жеткізді. Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК 202-бабының 1-бөлігі («Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, өртеу, жарылыс жолымен немесе өзге де жалпы қауіпті тәсілмен жасалған елеулі залал келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады полиция өкілдері.