Қыздарға құрмет

0 159

Көктемнің шуақты мерекесінің бірі — 8- Наурыз — Халықаралық әйелдер күні. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін қыздар қауымы қандай құрметке де лайық деуге болады. Жаны нәзік гүлдей, көңілдері күндей нұрлы қыз-келіншектер сан салада ерлермен иық тіресе еңбек етіп жүр. Солардың қатарында қиындығы мен қызығы бірге жүретін құқық қорғау саласы да бар. Темірдей тәртіпке бағынып, әскери қызметке өмірін арнаған Қылмыстық атқару жүйесі Департаментіне бағынышты ЖД158/4 түзеу мекемесіндегі қыздар қауымын мекеме бастығы Әділет полковнигі Ерлан Тоқанов төл мерекемен құттықтады.

Отбасы, ошақ қасы мен қатар өз қызметтерін мінсіз атқарып жүрген нәзік жандылардың жанұясына бақ пен береке, еңбекте өрлеу, табыс тіледі. Бұл күні ұжымда қызмет ететін қыз — келіншектердің барлығы құрметке бөленді. Мекеме бастығының грамотасымен 12, алғыс хатымен 6, сондай-ақ, ҚАЖД бастығының грамотасымен 4, алғыс хатымен 4 қызметкер марапатталса, тағы 4 қызметкерге мереке қарсаңында алғыс білдірілді. ҚР ІІМ алғысы 1 қызметкерге табысталды. Басшылық тарапынан тәртіптік жазасы бар қызметкерлердің жазасы мерзімінен бұрын алынып тасталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.