Жамбыл облысында поезд баланы басып кетті

0 82

Қайғылы оқиға Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы Малдыбай стансасында орын алған. Екі жасар бала темір жолға шығып кетіп, өтіп бара жатқан пойыздың астына түсіп кеткен.

Оқиға кезінде қауіпті аумақта бала үлкендердің қарауынсыз, жалғыз жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, оның отбасы темір жолға жақын маңда тұрады», — деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметі. ҚТЖ баланың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Олар ата-аналарға балаларды темір жол маңында, вокзал платформаларында қараусыз қалдырмауды ескертеді. Өйткені, балалар жағдайды дұрыс бағамдап, қауіпті сезіне алмайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.