Шу ауданының үш бірдей мектеп оқушылары Азия чемпионатынан жүлделі қайтты

0 16

Шу ауданының үш бірдей мектеп оқушылары бокстан Иордания мемлекетінің Амман қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтыннан, күмістен, қоладан алқа тағынып, елдің абыройын асқақтатты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ел намысын қорғаған батырлардың бірі — М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Мадияр Бексұлтанов.

Ол — қола жүлдегер.

Аудандағы ағайын оқушыны ыстық ықыласпен қарсы алды.

Өз кезегінде Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев оқушыны ата-анасымен бірге арнайы қабылдап, байрақты бәсекеде көк Туымызды желбіреткен оқушыға сый-сияпатын ұсынып, алдағы бәсекелеріне қолдау білдіретін жеткізді.

Сондай-ақ, жасөспірім қыздар арасында өткен чемпионатта белбасарлық Бахыт Сейдіш алтын алқаны, Оразалы Батыр ауылының тумасы Нұрсұлу Сүйінәлі күміс жүлдені иеленген болатын.

Бұл туралы аудан басшысы:

Қос бұрымды қыздарымыздың өңірге аман-есен оралуын күтіп отырмыз. Оларға да лайықты құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің абыройын асқақтатар ұландарымыз көп болсын!, деді Сәкен Қаланұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.