Ерлі-зайыптылар мейрамханадан түскі ас ішіп отырып теңіз тағамынан мыңдаған доллар тұратын інжу тапты
АҚШ-тың Нью-Джерси штатының тұрғындары мейрамханадағы түскі ас барысында устрица тағамынан құны мыңдаған доллар тұратын інжу тапты, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА
Stan.kz ақпарат агенттігі.
Майкл Спресслер өзінің сүйікті мейрамханасында әйелі Мариямен бірге устрица жеп отырады, кенет аузынан қатты нәрсе сезеді. Тісін сындырып алам деп қорыққан ол тамақтың бірінен диаметрі тоғыз миллиметр болатын інжу тауып алады.
Ерлі-зайыптылар бұл мейрамханаға келіп жүргендеріне 34 жыл болғанын айтады. Бірақ бұндай жағдай алғаш рет болған. Марияның айтуынша, күйеуі қанша устрица жесе де, бұған дейін ешқашан мұндай інжу кездестірмеген.
Майкл мен Мария Кесслердің айтуынша, інжудің құны мыңдаған доллар болуы мүмкін. Соған қарамастан олар оны сатуды жоспарламайды. Оны естелік ретінде сақтағысы келеді.