Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

0 21

Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды.

Сонымен қатар, Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы да құрықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
Оның мәліметінше, 5- қаңтарда Алматы, Алматы облысы, Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша екі полиция департаменті, үш ҰҚК департаменті басшылары өз ғимараттарын қару-жарақпен қоса еш қарсылықсыз тастап шыққан. Басшылардың барлығы күдікті деп танылды. Осы дерек бойынша, «қызмет бабындағы әрекетсіздік» бойынша тоғыз қылмыстық іс қозғалған еді.

«2022 жылдың 1 және 2 сәуірінде Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары және Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр», — деді Елдос Қилымжанов ОКҚ өткен брифингте.

Leave A Reply

Your email address will not be published.