Қаңтар оқиғасы бойынша тергеу қорытындысы жарияланды

0 26

Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасы бойынша жүргізілген тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады. Жасырылған жерлерден 1386 қару тәркіленді, оның ішінде 154 пулемет, 419 тапанша, 166 травматикалық қару, 70 арнайы мылтық, 30 гранатомет және 22 479 оқ-дәрі табылып, тәркіленді.

Азаматтар өз еріктерімен 120 дана қаруды тапсырған. Ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 2961 қылмыстық іс бар, олар бойынша төтенше жағдай режимі кезінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 176 күдікті қамауда отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.