Жол жөндеушілердің жалақы мәселесін шешу үшін компания өкілдері үш күн уақыт сұрады

0 25

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров «Меркі-Шу-Бурылбайтал» тас жолын салушы жұмысшылардың еңбекақысын көтеруге байланысты «Синьсин» компаниясының өкілдерімен арнайы кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Кәсіпорын басшылығы үш күн ішінде қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі қаралатынын айтты, – деді Нұржан Календеров.

Еске салсақ, кеше қытайлық компанияның 80-нен астам қызметкері әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев пен облыс әкіміне жалақыны көтеру мен еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен болатын.

«Меркі – Бурылбайтал» тас жолының құрылысы Жамбыл облысындағы маңызды нысандардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 90 пайызға біткен. 2023 жылы толық аяқталып, көлік қозғалысы ашылады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.