Тараздық әйелдің мойнынан алтын алқа жұлып әкеткендер ұсталды

0 11

Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан мөлтекаудандардың бірінде белгісіз адамдардың құны 200 000 теңге болатын алтын алқасын мойнынан жұлып, белгісіз бағытқа қарай бой тасалағаны туралы хабарламасы түсті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының 23 және 21 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олардың бұрын алаяқтық және ұрлық деректерімен сотты болғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Олардан айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.