Жамбылдық дәрігер-хирургтар эндоскопиялық хирургияның мүмкіндіктерін игеруде

0 9

Жамбылдық дәрігер-хирургтар эндоскопиялық хирургияның заманауи жаңаша әдіс-тәсілдері мен мүмкіндіктерін игеруде  , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Төрт күнге созылатын халықаралық-практикалық конференция Меркі аудандық ауруханасында жалғасуда. Онда “КАРЛ ШТОРЦ ЭНДОСКОПИ Қазақстан Medicum” компаниясының инновациялық құрылғаларын өңірлік дәрігерлерге көрсете отырып, оның көмегімен бірқатар майда хирургиялық араласулардың жасалу амалдары көрсетілуде.

Облыс мамандарының практикалық және теориялық бөлімдерде кәсіби даярлық деңгейін одан әрі арттыру, патологияның жекелеген түрлері кезінде қауіпсіз эндолапароскопиялық хирургия көрсету үшін арнайы шақырылған білікті мамандар — Котлобовский Владимир Игоревич (медицина ғылымдарының докторы, Астана медицина университетінің профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстандық эндоскопиялық хирургтар Қауымдастығының Президенті, АМО эндохирургиялық қызметінің жетекшісі, IPEG мүшесі) және Щербаков Петр Леонидович (медицина ғылымдарының докторы, профессор, МЕДСИ Медакадемиясының гастроэнтерология және эндоскопия кафедрасының меңгерушісі, РФ Үкіметі сыйлығының ғылым және техника саласындағы лауреаты (Мәскеу қ.)),
Галлямов Эдуард Абдулхаевич (медицина ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері, И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің ФМАЖБМ емдеу факультетінің жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі, РФ Үкіметі сыйлығының ғылым және техника саласындағы лауреаты, эндохирургтер қоғамы мен Ресей хирургтар қоғамы басқармасының мүшесі, Еуропалық эндоскопиялық хирургия Қауымдастығының мүшесі, эндохирургия және хирургия журналдарының редакциялық кеңесінің мүшесі (Мәскеу қ.)) бүгін Меркі ауданы тұрғындарына медициналық қолжетімділікті қамтамасыз етіп, оталар жасауда. Эндоскопиялық хирургияның барлық әдіс-тәсілдерін барынша кеңінен қолдануда. Өңірлік дәрігерлерге біліктіліктерін арттыру мен шеберліктерін шыңдау мақсатында өткізіліп жатқан іс-шара алдағы уақытта әлі де жалғасын табатын болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.