Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Тараз» ӘКК» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің отырысына қатысты. Басқосуда коорпорацияның даму стратегиясы жан-жақты қаралды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тараз» ӘКК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Дәулет Әбілқайыров коорпорация жұмысын жүйелеудің стратегиялық бағыты және мақсаты туралы баяндады. Коорпорацияны дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған жұмыс стратегиясы негізгі алты бағыттан құралған. Соның негізгісі – өңірде инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыру болып табылады.
Коорпорацияның сала бойынша басқарушы директорлары стратегиялық құжаттың әр блогына кеңінен тоқталып, инвестициялар тарту, бизнесті қолдау, активтермен жұмыс істеу, өңірлік тұрақтандыру қорының алдағы жұмыс жоспары туралы жеке-жеке хабарлады.
Бесжылдық жобаның таныстырылымын мұқият тыңдаған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов те инвестициялық жобаға басымдық беру мәселесін қолдады. Аймақ басшысы бүгінде нәтижесін беріп отырған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының тиімділігі мол екенін айта отырып, директорлар кеңесінің мүшелеріне пилоттық жобаның механизімін өзгертпей, жемісті жалғастыруды тапсырды.
– «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясына үлкен міндеттер жүктелген. Басты мақсат – инвестициялық жобаларға басымдық беру. Осы ретте шетелден инвесторлар тартуды нәтижелі жүзеге асыру үшін, мамандардың біліктілігіне жоғары мән берген дұрыс. Бірнеше тілді меңгерген, әрі ісіне тиянақты мамандармен жұмыс жасау керек. Пилоттық жоба аясында мал шаруашылығын бастаған кәсіпкерлердің қатары көбеюде. Сүт тапшылығы туындаған өңдеу зауыттарына жақын аудандардан сүт жеткізу мәселелерін де қарастыру қажет. Ең бастысы Үкімет тарапынан берілген мүмкіндікті барынша пайдалану керек,–деді Нұржан Нұржігітов.
Облыс әкімі пилоттық жоба аясында құрылған өңірдегі 14 кооперативке аграномдарды тарту мәселесін көтерді. Бір ауданға кем дегенде бір білікті аграном шақыру арқылы өнімді еселеп алудың жолдарын қарастыруға болатынын жеткізді.
Сонымен қатар, аймақ басшысы бесжылдық жобаға өтімді әрі жемісті жүзеге асатын идеялар ұсынылса, барынша қаржылай қолдаудың тетіктерін қарастырылатынын жеткізді.
Бұдан бөлек, коорпорацияға келген азаматтардың мәселелерін тез арада шешу жайы әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Осы ретте аймақ басшысы коорпорацияға бюрократиядан құтылып, пилоттық жоба аясында несие алуға өтініш берген тұрғындардың мәселсін жедел шешудің маңыздылығын ескертті.
Comments are closed.