Байзақтағы жарылыс бойынша генерал-майор ұсталды

0 3

Таразда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ол өткен жылы 26- тамызда оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс ісіне қатысты күдікті деп танылған. Жарылыс салдарынан 17 адам қаза тапқан еді. Оқыс оқиғадан кейін жоғалған бір азаматтан осы күнге дейін хабар жоқ. Генерал-майордың ұсталуына қатысты ақпаратты ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратты.

«19 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы «Немқұрайлылық» бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы УҰИ-ға қамауға алынды», делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.