Жарылыста жоғалған сарбаз туралы министр айтты

0 14

Кіші сержант Бауыржан Дәуітбаев өткен жылдың тамызында Тараз маңында болған жарылыс кезінде жоғалып кеткен еді. Содан бері қанша іздеу жұмыстары жүргізілсе де әскери қызметшінің не өлі, не тірі екені белгісіз. Оның отбасы осы уақытқа дейін ешқандай өтемақы немесе көмекқаржы алмаған. Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмыстары туралы ҚР Қорғаныс Министрі Руслан Жақсылықов түсініктеме берді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

– Мен оның туыстарымен кездестім. Біз қыс мезгілінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздеуді тоқтатқан болатынбыз. Қазір іздеу жұмыстары қайта жалғасуда. Егер ол жарылыс ошағында болса, онда ол жерде ештеңе қалмауы мүмкін. Біз қызметкердің отбасынан қайтыс болды немесе хабарсыз кетті деп тану туралы ұсыныс жасадық. Егер солай деп танысақ мемлекет тарапынан төлемдер болатын еді. Бірақ отбасы келіспеді. Әрине, отбасын түсінеміз, сондықтан іздеуді жалғастырып жатырмыз. Іздеуді тек біз ғана емес, ішкі істер органдары да жүргізіп жатыр, – деді министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.