Аймақта 646 ұңғыма қазылады

0 16
Жалпы облыста 1 млрд. 715 млн.м3 құрайтын жер асты суының қоры бар. Бұл 120 күндік вегетациялық кезеңді 535 млн.м3 құрайтын сумен қамтуға мүмкіндік береді. Сондықтан жер асты суларын пайдалану және қалпына келтіру жол картасы аясында 2022-2024 жылдар аралығында 646 ұңғыма қазу жоспарланып отыр , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жер үсті су тапшылығы бар аудандар жер асты суының потенциалын толығымен пайдалану мақсатында қазылатын ұңғымалар арқылы суару маусымында жетіспейтін 275 млн.м3 суды осы жер асты суының қорларымен қамтамасыз ету көзделуде.
Осыған орай, аймақтағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан 182 ұңғыма қазуға өтінім түсіп, бүгінгі күні Меркі, Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов және Жуалы аудандарында 71 жаңа ұңғыма қазылды және 3,1 мың гектар алқап сумен қамтылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.