Жуалыда өзбекстандық жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

0 10

Жуалыда өзбекстандық жолаушылар автобусы апатқа ұшырады — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жол апаты Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылынан 6 шақырым қашықтықта, Алматы –Ташкент тас жолының 571 шақырымында орын алған. Жамбыл облысы ТЖ департаментінің базасында жолаушылар автобусында болған жолаушылар мен жүргізушілердің туыстары мен жақындарына психологиялық көмек көрсету бойынша жедел желі телефондары ашылды.

Оқиға орнында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Өрт сөндіру қызметінен барлығы 38 қызметкер мен 10 бірлік техника және «Апаттар медицинасы орталығының» 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Апаттың нақты себептері құзыретті органдармен анықталады.

Жедел желі телефондары 8 (7262) 51-35-75, 51-41-67

Leave A Reply

Your email address will not be published.