Жамбылдың қайырымды қыздары көпбалалы анаға үй алып берді

0 4

Көпбалалы ананың шарасыз күйіне назар аударған жамбылдық блогер, осыған дейін де бірнеше мұқтаж отбасына үй әперуге мұрындық болған Мөлдір Анарбаева Индираның да мәселесін көпшілік назарына шығарды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА biz.kz сайтына сілтеме жасап.

Индира есімді бұл келіншек бес баласымен жесір қалып, тағдырдың қиындығына тап болған. Жолдасы өмірден өткен соң шиеттей бала-шағамен пәтер жалдап тұру тіпті қиынға соққан. Жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ. Өйткені балалары кішкентай.

«Көп түкірсе — көл» дегенді іс жүзінде көріп жүрген ол, ең бірінші кезекте өңірдің кәсіпкер қыз-келіншектерін жұмылдырды.
Осылайша, қайырымды азаматтардың, кәсіпкер қыз-келіншектердің арқасында 8 миллионға жуық қаржы жиналып, жесір келіншекке 2 бөлмелі пәтер алынды.

Айта кету керек, пәтер иесі баспана құнынан 3 миллионнан аса бағаға түсіріп, қайырымды шарадан тыс қалмады.Бес бүлдіршінмен жайлы пәтерге жайғасқан ананың үй жиһаздарынан бастап, ыдыс-аяқ, кілем-жабдықтарына дейін Жамбылдың қайырымды кәсіпкер әйелдері түгендеп берді.Осылайша, өңірдегі бір жесір әйел мен бес бүлдіршін өз баспаналарына қол жеткізсе, оған ұйытқы бола білген блогер Мөлдір Анарбаева көпшіліктің ықыласына бөленіп, алғысына ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.