Жамбыл облысында теміржол өткелдерін күтіп ұстауда көптеген заң бұзушылық анықталды — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жамбыл облысында автомобиль жолдарымен қиылысатын 73 теміржол өткелі бар. Оның 46-сы реттелетін болса, 27-сі реттелмеген. «Жыл басынан бері полицейлер 48 теміржол өткелінің пайдалану жағдайын тексеріп, 75 ақауды анықтады. Ұйым басшыларына 40 нұсқама берілді», — деді полицейлер.
16 лауазымды тұлға: «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 11 қызметкері және 5 заң кеңсесі теміржол өткелдерін қанағаттанарлықсыз күтіп ұстау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.