Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиев лауазымды қызметіне кіріскелі жылдан асық уақыт ішінде, есік қаққан қонағын төрден төмен түсірген емес. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, реті келсе, мұқтаж жанның өтінішін сол сәтте-ақ орындауға асық. Онысын ауданның ақылман ақсақалы да, белсенді жастар жағы да жақсы біледі. Бір сөзбен басшылардан талап етілген арнайы тұжырымдамадан тыс, ашықтық пен жариялыққа бір табан жақын адам.
Осыған дәлел бүгін Марат Қырғызәліұлы аудандық Балалар-жасөспірімдер орталығының, оның ішінде «Жас журналист» үйірмесінің үздік тәрбиеленушілерін жеке кабинетінде қабылдады.
«Балалар жылының», алдағы халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған кездесуде талапты тілшілер аудан әкімімен еркін форматта сұқбат құруға мүмкіндік алды. Қызықты да, қызғылықты сұрақтар қойды. Марат Қырғызәліұлы да жас бүлдіршіндермен балалық шағының ескі естеліктерімен бөлісіп, өмірлік ақыл-кеңесін айтты. Балаларды бағаға емес, сапаға тырмысып оқуға шақырды. Сондай-ақ, бала кезден салауатты өмір салтын берік ұстануға үндеді.
Айта кейік, қазіргі таңда Ержан Көлбаев жетекшілік ететін аталған аудандық орталықтың 6 филиалында 52 педагог қызмет атқарады. Бүгінде 16 үйірме бойынша 1204 тәрбиеленуші осында туабітті шығармашылығын шыңдап келеді.