Жамбыл облысында жолдарда 7,5 мыңға жуық ақау анықталды — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жол сапасы арқылы әкімдердің рейтингі анықталады. Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтқан еді.
Ал, жыл басынан бері полицейлер өңірдегі автокөлік жолдарынан 7447 ақауды анықтаған. Жол ұйымдарының басшыларына орындауға 914 ұйғарым берілді. 105 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Олардың қатарында Мерке ауылдық округінің маманы, Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы, Жуалы ауданына қарасты ауылдық округ әкімдері мен заңгерлік кеңселер бар, – деді полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаев.