Келесі оқу жылынан бастап мектепте жаңа пән енгізіледі. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов айтты. Мәліметке сәйкес, 2022-2023 оқу жылынан бастап барлық мектептерде еңбек тәрбиесі сабағы оқытылатын болады — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Бұл сабақ 1- сыныптан бастап оқытылады. Ерекшелігі сол, мектептер жанында жылыжай ашу тәжірибесі кеңейтілмек. Елдегі барлық мектептерде жылыжайлар соғылады және мұнда мектеп оқушылары жұмыс істейді.