Облыс әкімі «соңғы қоңырау» күнімен құттықтады

0 28

Облыс әкімі «соңғы қоңырау» күнімен құттықтады.

«Құрметті түлектер мен оқушылар!
Ардақты ана-аналар, ұстаздар!
Баршаңызды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын!
Тағы бір оқу жылы артта қалып, мектептерде «Соңғы қоңырау» соғылуда. Бұл күн Сіздер үшін аса маңызды сәт екенін білемін.

Биыл облыстағы 480 мектепте 244 мыңға жуық оқушы кезекті оқу жылын табысты аяқтап отыр. 11 мыңнан аса оқушы алтын ұя мектептерімен қоштасуда десек, оның 490-ы «Алтын белгіге» үміткер.
Өткен оқу жылы да оқушыларымыз халықаралық, республикалық пән олимпиадасы мен ғылыми жобалар жарысында жақсы нәтижелер көрсете білді. Нақтырақ айтсақ, халықаралық деңгейде 43, республикалық деңгейде 139 медаль иеленді.

Республикалық ғылыми жобалар байқауында облыс командасы «Ең үздік команда» атанып, 13-ші жыл қатарынан I орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ, өңірдегі 32 мектеп түлегі Түркия, Қытай, АҚШ, Ресей және Оңтүстік Корея елдерінің жоғары оқу орындарына шақырту алды.

Әлбетте, бұл жетістіктердің бәрі зейінді оқушыларымыз бен білікті ұстаздарымыздың ортақ жеңісі, қажырлы еңбегінің нәтижесі екендігі анық.

Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектеріміздің жолы ашық болып, асқар асу, биік белестерді бағындыра беруіне ниеттеспін!

Баршаңызға бақ-береке тілеймін!», — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.