Сарысуда ауылдарды газбен қамту үлесі 72 пайызға жетеді

0 8

Сарысу ауданында жалпы 525,47 шақырым автожол бар. Биыл 676,4 млн теңгеге автокөлік жолдарының 40,9 шақырымы жөндеуден өтуде. Сонымен қатар, келесі жылғы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасына 7 көше еніп, оған 239,0 млн теңгеге өтінім берілді.  Аймақта 224 көше бар, оның асфальтталғаны – 159, жарықтандарылғаны – 156. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Спикер аудандағы 25 елді мекеннің  19-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілгенін айтты. Қалған 6 елді мекенді  сумен қамту кезең-кезенімен жүзеге асады.

«Ең бір маңызды мәселе — газдандыру. Бүгінгі таңда 25 ауылдың  4-еуі табиғи газбен қамтылған. 2 нысанның құрылысы жүргізілуде:  біріншісі, Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысы. Екіншісі, 14 елді мекенге газ құбырларын салу мен газдандыру жұмыстары. Бұл жобалар аяқталған соң газбен қамтылу үлесі 72%-ға жетеді деп күтілуде. Қосымша Шағалалы ауылында 105 млн теңгені құрайтын 1 жоба әзірленіп, бюджеттік өтінім тиісті басқармаға ұсынылды», — деді Марат Қырғызәліұлы

Аудан әкімі Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың елді көгалдандыру жөніндегі бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылға дейін 2 млрд. ағаш отырғызылатынын атап өтті. Ал бүгінде аудан көлемінде көгалдандыру және жасыл аймақтар құру жөніндегі бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, «Жасыл белдеулерге» 15 800 әртүрлі түп тал көшеттері егілгенін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.