АЙМАҚТА 347,0 МЫҢ ГЕКТАР ШӨП ОРЫЛАДЫ

0 5

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші жамбылдық шаруалар биылғы жылы 2 млн. тоннадан астам шөп дайындауды жоспарлап отыр. Аймақта бір апта бұрын басталған шөп ору науқаны бүгінде қызу жүруде. Қазіргі уақытта 8,0 мың гектар шөп орылса, оның ішінде 7,5 мың гектар көпжылдық және 520 гектар табиғи шабындық шөп орылды.

Жалпы биылғы жылы 1,7 млн. тонна пішен, 63,0 мың тонна пішендеме, 488,1 мың тонна сабан, 60,0 мың тонна сүрлем дайындау көзделсе, бүгінгі күні 17,0 мың тонна пішен дайындалып, бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.