«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауының республикалық кезеңіне екі жамбылдық жолдама алды

0 25

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауының республикалық кезеңіне екі жамбылдық жолдама алды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсының талаптарынан сүрінбей өткен 38 мемлекеттік қызметші өзара өңірдегі үздікті анықтады. «Патриотизм құндылықтарын дәріптеу» тақырыбында мотивациялық эссе мен кейстік тапсырмаға берілген бейне жауаптың қорытындылары бойынша және «Мемлекеттік басқаруды жетілдіру мен бюрократиясыздандыру» тақырыбындағы жобаларын қорғаудан ең көп бал жинаған екі мемлекеттік қызметші республикалық кезеңге жолдама алды. Әріптестерінен озып шыққан екі қызметкердің бірі — Сатымқұл Нұрболат Ақынғалиұлы. Ол Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарады. Екіншісі — Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қадырбекова Меруерт Нышанбекқызы.

Өңірлік деңгейдің жеңімпаздары атанған екі жеңімпаз ІІ кезеңде «Мемлекеттік басқаруды жетілдіру мен бюрократиясыздандыру» тақырыбына бейне презентация жасап, Республикалық комиссияның сынынан өтетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.