Әр азаматтың дауысы — маңызды

0 2

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңірдегі кәсіпорын басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында аймақ басшысы 5 маусымда өтетін еліміз үшін елеулі оқиға — жалпыұлттық референдумның маңыздылығына тоқталды.

— Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау бойынша ел тарихында алғаш рет өткелі тұрған рефендумға біз барлық жағынан дайын болу керекпіз. Азаматтарымыз ел болашағы үшін дауыс береді. Әрбір тұрғынның дауысы — маңызды.

Бұл күні барлық кәсіпорындар өз қызметін әдеттегідей үздіксіз жүргізуі тиіс. Коммуналдық қызметтер де кедергісіз көрсетілуі қажет. Дауыс беруге ешқандай кедергілер кері әсер етпеуі керек.

Бұған дейін сайлауларда жамбылдықтар қатысу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарлардан көрінген. Бұл жолы жоғары белсенділік танытады деп сенеміз,-деген Нұржан Нұржігітов жиналғандарды ауқымды шараның ойдағыдай өтуі үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Облыс әкімі барлық жағдайды бақылауда ұстап, қадағалап отыру бойынша өзінің тиісті орынбасарлары мен аппаратының, жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.