Роза Рымбаева сұхбат барысында баласын емізді: Жанкүйерлері оған қарап сүйсінуде

0 51

Роза Рымбаеваның мұрағаттық видеосы жария болды. Көпшілік оның жас кезі мен ұлы Мәдидің бала кезін көріп таңғалды.

Видеоны Әли Оқапов жариялады.

Кадрдан халық әртісінің жас кезі анық байқалады. Ұлы Мәди Рымбаевтың бала кезі. Анасы сұхбат кезінде жылаған ұлын қолына алды.

Көпшілік ана мейірімін көріп сүйсінді. Түрлі пікір жазып, тілегін айтып жатыр.

“Халық үшін сен әнші шығарсың, мен үшін сен керемет анасың. Мәди кешір”, – деп жазды Әли Оқапов.

“Роза Куанышқызы керемет ана. Бақытты болыңыздар”, “Мәди анасының халық әртісі екенін қайтеді. Ол оның анасы. Роза апайымызға Алла ұзақ ғұмыр берсін! Анаға осыдан асқан бақыт бар ма?”, “Мен осы хабарды теледидардан көрдім. Сол әлі күнге дейін жадымда сақталып қалған”, “Кандай керемет көрініс”, “Аналарымыз аман болсын”, “Өте аяулы көрінім, қызығып тұрмын”, “Жастық шақ, балалық шақ өтті, кетті”, “Бәрін жалғыз өткердіңіз”, “Амандық тілеймін”, –деп жазды желідегілер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.