Сарысудағы төтенше жағдай қызметкерлері толық құрамда дауыс беруді аяқтады

0 18

Сарысудағы төтенше жағдай қызметкерлері толық құрамда дауыс беруді аяқтады

Жалпыхалықтық референдум — саяси іс-шара ғана емес, әрбір қазақстандықтың ел болашағы үшін жасайтын таңдауы. Сарысу ауданының тұрғындары да бұл шараға белсенді қатысып жатыр.
Азаматтық қорғаныстың алдыңғы шебінде жүрген төтенше жағдайлар қызметінің мамандары елдегі маңызды саяси науқанды да алдыңғы сапта аяқтады.
Сарысу аудандық төтенше жағдай бөлімшесінің қызметкерлері таңғы 9.00-ге дейін толық дауыс беріп үлгерді.
«Бүгінгі Конституцияға түзетулер мен өзгерістер енгізуге арналған референдум шарасына толықтай қатыстық», — дейді бөлімше басшысы Жақсылық Танабаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.