Жамбыл облысында 463 мыңнан астам адам дауыс берді. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мәдиева айтты. Сағат 16 00 дегі жағдай бойынша Жамбыл облысында 463 410 адам дауыс берді. Бұл дауыс беру құқығы бар азаматтардың 67,3 пайызын құрайды. 21 референдум учаскесі өз жұмысын аяқтаған. Қазір дауыстар саналып жатыр.