Қордайлықтардың 80 пайызға жуығы таза ауыз сумен қамтылған

0 15

Қордай ауданында жыл басынан бері пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 18,3 мың шаршы метрді құрады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж азаматтар ретінде 2 237 тұрғын кезекке тіркелген. Биыл осы кезекті 357-ге азайту жоспарланып отыр. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифнгінде аудан әкімі Мәден Мұсаев айтты , —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ол аймақта 2022-2023 жылдары 5 елді мекенді газдандыру мақсатында 2 жобаға 888,8 млн теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары басталғанын да айтты.

«Ауданда тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатындағы жұмыстар кезең-кезеңімен шешілуде. 32 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіліп, ауыз сумен қамту үлесі 78 пайызға жетті. Осы жылы 4,1 млрд теңгеге 5 ауылда жаңа ауыз су желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сол сияқты, Отар-Гвардейск 0-2 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге 66,8 млн теңге бөлініп, жұмыс басталып кетті. Қаракемер-Еңбек-Қарасай жолдарын орташа жөндеуге былтыр 7,1 млн теңге қаралған, биыл тағы 107,3 млн теңге қарастырылып, ондағы шаруа қызу атқарылып жатыр», — деді Мәден Тоқтарбайұлы.

Спикер «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы 337 млн теңге бөлінгенін мәлімдеді. Бұл қаржыға Кенен ауылындағы Жылыбаева, Қашағанова, Еспаева, Кордай, Несепбаева көшелері, Отар ауылындағы Отар-Гвардейск жолы, Керімқұл, Жекенов, Қонаев көшелері орташа жөндеуден өтеді және Қонаев көшесінің бойына жаяу жүргіншілер жолы салынады. Жаңатұрмыс ауылындағы Жамбыл, Қалманбет, Алмабек көшелері орташа жөндеуден өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.