Облыс әкімі Талас ауданына барды

0 162

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Талас ауданына барды,-деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

 

Сапар барысында өңір басшысы Талапты ауылындағы «Зерхат» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруа қожалығы 2020 жылы құрылған. Өткен жылы 50 гектар жерге бақша егіп, әр гектардан 35 тонна өнім алыпты. Қазір пияз бен картоп дақылдарын өсіріп, тамшылатып суару технологиясын кәдеге жаратуда.

Сонымен қатар қожалық иелігіндегі 100 гектар жерді суармалы алқапқа ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнан соң аймақ басшысы Бостандық ауылындағы Серік Мәдиевтің үй іргесін тиімді пайдалану жұмыстарын көрді. Ауыл тұрғыны «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмысын жақсарту» жобасының бірінші бағыты бойынша төмен пайызды несиеге қол жеткізіп, бау-бақша еккен.

Қазір 7 соттық жерде қияр, қызыл қызылша, пияз, қызанақ пен картоп егілген. Облыс әкімі одан әрі Ақкөл ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысандары аралап, ауыл тұрғындарымен кездесті. Қаратаудағы » Talas Investment Company » кәсіпорнында болды.

Өндіріс орны өз қуатын жылына 30 мың тоннаға дейін жеткізу мақсатында, натрий цианидін өндіретін зауыттың екінші кезегін салу жобасын әзірлеуде. Аймақ басшысы мұнан соң Талас ауданындағы бірқатар елді-мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге арналған «Билікөл» автоматтандырылған газ тарту станциясындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Жобаның жалпы құны-799 237 мың теңге. Қазір станция құрылысы 90 пайызға аяқталған. Аймақ басшысының аудандағы жұмыс сапары актив жиынымен қорытындыланады деп жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.