Қордай ауданында сел жүрді

0 12

Жамбыл облысы Қордай ауданынындағы Үлкен Сұлутөр ауылында нөсер жаңбырдан кейін сел жүрді. Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қатты жауыннан кейін жүрген селден ауылға баратын негізгі жол жабылған.

– 2 шаруашылық ғимарат зақымданды. 3 үйдің ішіне су кірді. Үйлердің біріне кіретін газ құбыры бүлінді. Зардап шеккен адамдар жоқ, — деп хабарлады облыстық ТЖД.
Алдын ала мәлімет бойынша, көшкін судан қойлар мен тауықтар өлген. Ауылда қазір
құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.