Жамбылда 35 елді мекеннің бас жоспарына түзетулер енгізілуде

0 10

Жамбыл облысы бойынша 371 қала мен елді мекен толық қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз етілген. Оның ішінен 33-і бас жоспармен, 338 елді мекен бас жоспардың оңайландырылған нұсқасымен қамтамасыз етіліп, аудандық мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген,-деп жазады «ZhambylNews» АА.

Ағымдағы жылы бас жоспар мен оңайландырылған нұсқаларының пайдалану мерзімі 5-7 жыл болуына және жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер теліміне кезекке тіркелген азаматтардың санының өсуіне байланысты қала мен аудан әкімдіктері тарапынан барлығы 35 елді мекеннің бас жоспар және оңайлатылған сызба жобаларына түзетулер енгізілуде.

«Бүгінгі күнде 11 елді мекеннің бас жоспар және оңайландырылған нұсқалары қаралып, өзекті мәселері жан-жақты талқыланып, басқарма тарапынан бірқатар ұсыныстар берілді. Қалған, 25 елді мекеннің бас жоспар және оңайландырылған нұсқаларына аудан әкімдіктері тарапынан жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жобалау жұмыстары аяқталғаннан кейін, басқармада өтетін техникалық Кеңес мәжілісінде қаралып, ұсыныстар берілетін болады. бас жоспар демекші, Тараз қаласының бас жоспар жобасына тоқтала кетсем, қаланың бас жоспары 2010 жылы бекітілген болатын. Бекітілген жобаға сәйкес қала аумағы – 18 787 га құрады. Қала аумағында бірқатар жұмыстар атқарылды. Солардың біріне тоқтала кетсем, орталық аумақтағы «Шахристан этно-мәдени» және «Тектұрмас этно-тарихи кешендері» бой көтергені өздеріңізге мәлім. Сонымен бірге, «Көлтөған», «Қарасу (Құмшағал)», Сүлейменов көшесінің аяғы 15 және 14 шағын аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сай инфрақұрылым жүйелері жүргізілді», — деді басқарма басшысы Арман Абдешов ақпарат агенттігінің тілшісіне.

Leave A Reply

Your email address will not be published.