Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті. Тәртіп сақшыларының ескертуінше қылмыскерлер мына схема бойынша әрекет етеді: ұялы телефоныңызға қоңырау шалып, өздерін полиция қызметкерімін деп таныстырады. Содан кейін олар сіздің атыңызға несие алмақ болған алаяқтарды ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізіліп жатқанын айтады. Немесе, «жалған полиция қызметкері» ҚР Ұлттық банкімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқанын және олардан Ұлттық банк қызметкеріне байланысты ауыстыру үшін желіде қалуды сұрайды. Одан әрі телефонның ар жағындағы дауыс сіздің картаңызға рұқсат етілмеген аударымдар жасалып жатқанын және ақшаңызды үнемдеу үшін банктік шотыңызға немесе үшінші тұлғалардың шотына белгілі бір соманы салу керек екенін түсіндіреді.
Есіңізде болсын, полиция қызметкерлері ешқашан телефон арқылы арнайы іс-шаралар мен тергеу әрекеттерін жүргізбейді. Бұл мақсат үшін олар баратын күні мен уақытын белгілей отырып, полиция бөлімшесіне келуге шақырады. Сонымен қатар, банк қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыздың деректемелерін сұрамайтынын, сондай-ақ телефоныңызға келетін кіру кодтарын айтуды талап етпейтінін есте сақтауды ескертеді. Мұндай жағдайда телефон арқылы сөйлесуді тоқтатып, банк картасында немесе банктің сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалу керек,- делінген ІІМ әлеуметтік желідегі хабарламасында.