«Қожаны ойнаймын деп класста қалдым». Актер естелігі

0 73

«Менің атым — Қожа». Өткен ғасырда шықса да, қазірге дейін көрерменнің көзайымына айналған кинотуынды. Талантты жазушы Б.Соқпақбаев пен режиссер А.Қарсақбаевтың қолынан шыққан кино — жаңа заман балаларының да сүйікті туындысы. Өкініштісі сол, киноға түскен кейіпкерлердің ешбірі кәсіби әртістік жолын қумаған. Ал, он екі жасында киноға түсіп, негізгі кейіпкер Қожаның рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев сол кездерді былай еске алады:

«Сол кезде киноға түсу, қазір ойласам, қиын болған тәрізді. Класстан қалып қалдым. Шаршайтынмын. Көп уақытқа дейін ойым бөлініп жүрді.

Фильмде Сұлтан екеуіміздің төбелесетін жеріміз бар ғой. Сол кезде Абдолла аға (режиссер) «шындап ұр, шындап ұр» дей берген соң, шындап ұрып, Сұлтанның мұрнын қанатып қойғаным бар.

Содан кейін фильмде темекі тартуды Сұлтан маған үйретсе, съемка аяқталғаннан кейін мен оған үйрететінмін. Ол темекі тарта алмайтын.
Сұлтан қайтыс болып кетті ғой. Марат Кәкенов деген жігіт. ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріпті деп естігенмін. «Қожадан» кейін екі фильмге түскен.

Содан соң Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеп жүр екен деп тағы естідік. Өмірінің соңында «Жұмысшылар» поселкесінде жалғыз, аштық-жоқшылық көріп, қайтыс болыпты.

Дәулет деген қойшының баласы бар еді ғой, жақында оны Қазақстанның бокс құрамасының бас дәрігері деп естідім. Медицина институтын бітірген көрінеді.

Ал Жанар — Гүлнәр Құрабаева Политехникалық институтты тамамдап, энергетика маманы болып жүр.

Мен мектеп бітіргеннен кейін Өскемен педагогика институтын бітіріп, бес жыл мұғалім болдым. Содан кейін ВГИК-ке түсіп, Евгений Гавриловичтің шеберханасында сценарий курсын оқып шықтым.

Содан бері «Қазақфильмнің» айналасындамын. Телевизиялық фильмдердің шығармашылық-өндірістік бірлестігінде редактор болып, жұмыс істеп жатырмын…».

Leave A Reply

Your email address will not be published.