Шаруалар ескі тракторды жаңасына ауыстыра алады. Бұл жылдық 6%-бен лизингке қаржыландырумен «Trade-in» бағдарламасының арқасында мүмкін болды. Бұл туралы «Тараз» ӘКК» АҚ басшылығы «Тараз» МҚҰ» ЖШС қызметкерлері, «Агромашхолдинг» АҚ өкілі және Жамбыл облысының шаруа қожалықтарының басшылары арасындағы кездесуде айтылды , – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.
– Талқылау барысында ұсынылған техниканы және қаржыландыру бағдарламасын таныстыру бойынша іс – шаралар өткізілді, – деп атап өтті «Тараз» МҚҰ басшысы Бердияр Құттыбаев.
Шаруа қожалықтарының басшылары бұл бағдарламаға шынайы қызығушылық танытты және ескі тракторды отандық құрастырылған жаңа «LOVOL» маркасына ауыстыруға ынта білдірді.